Биыл Бәйдібекте 230 шақырым жолдың құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Бүгінгі таңда Бәйдібек ауданындағы  23 нысан — 230 шақырым жол мен 1 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 6 нысан немесе 33 шақырым жол мен 4 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге  біршама қаржы қаралған.Оның ішінде, ірі жобаларға тоқталсақ, Бәйдібек ауданында 2018-2020 жылдары шамамен 3 жарым миллиардқа жуық теңгеге 30 шақырымды құрайтын 1 ірі жобаның құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр. Аталған жоба аясында Шалдар, Жамбыл және Шаян елді мекендерінен өтетін облыстық маңызы бар КХ-2 автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.Оған қоса, 2017-2018 жылдар аралығында ұзындығы 164  шақырымнан асатын 3 нысанның орташа жөндеу жұмыстары атқарылып жатқанын айта кеткен жөн. Ал, аталған жобалардың жөндеу жұмыстары Шаян, Қазата, Ағыбет, Шақпақ, Кеңестөбе, Жарықбас, Алмалы, Ақтас, Жыланды Боралдай, Ақбастау және Бірлік елді мекендерінен өтетінін белгілі. Аталмыш жұмыстар жүзеге асқан таңда Бәйдібек ауданының инфроструктурасы біршама жақсарып, аудандағы көлік қатынасы едәуір жақсаратыны анық.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*