Қазығұртта 185 шақырым жолдың құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Қазығұрт ауданында 41 нысанның немесе 185 шақырым жолдың құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 4 нысан — 87,1 шақырым жолға құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.Аталмыш жобалардың ішіндегі  ірілеріне тоқталар болсақ, Қазығұрт ауданындағы жобаларды айтуға болады. Мәселен онда 2018-2020 жылдары шамамен 4,5 млрд. теңгеге 37,1 шақырымды құрайтын 2 ірі жобаның құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын.  Аталған жобалар аясында Шарапхана, Жұмысшы, Сынтас және Жаңабазар елдімекендерінен өтетін жол. Бұ жолдың облыстық маңызы бар екенін айта кеткен жөн. Ұзындығы 16 шақырымды құрайтын КХ-29 автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Шарбұлақ және Тұрбат елді мекендерінен өтетін облыстық маңызы бар ұзындығы 21,1 шақырымды құрайтын КХ-48 автомобиль жолына да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп күтіліп отыр.Сонымен қатар, 2017-2018 жылдар аралығында 40 шақырымды құрайтын 1 нысанның орташа жөндеу жұмыстары атқарылады деп жоспарланып жатыр. Аталған жобаның жөндеу жұмыстары Еңбекші, Шанақ және Ақжар елді мекендерінен өтеді.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*