Сайрамда 43 нысан мен 57 шақырым жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Сайрамдағы 43 нысан немесе 57 шақырым жол мен 1 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстарын аяқтау 2017 жылдың еншісіне тиесілі . Биыл, сондай-ақ, аудандағы 93,5 шақырым жолға (6 нысан) құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу де жоспарланып отыр. Яғни, аталған ауданда 2017-2020 жылдары 59,8 шақырымды құрайтын 5 ірі жобаның құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.Бұл жобалар аясында Бозарық елді мекенінен өтетін облыстық маңызы бар ұзындығы 3,9 шақырымды құрайтын КХ-37 автомобиль жолына қайта құру жұмыстары және Көмешбұлақ, Қызылжар, Қызыләскер және Теспе елді мекендерінен ұзындығы 17,8 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Сайрам елді мекенінен өтетін облыстық маңызы бар ұзындығы 30 шақырымды құрайтын КХ-83 автомобиль жолына қайта құру жұмыстары, Таскен, Мартөбе, Қызылсу және Қарасу елді мекендерінен өтетін облыстық маңызы бар ұзындығы 8 шақырымды құрайтын КХ-97 автомобиль жолына қайта құру жұмыстары, Ақсукент, Манкент, Ақбастау, Низамабад және Қарамұрт елді мекендерінен өтетін облыстық маңызы бар ұзындығы 22 шақырымды құрайтын КХ-3 автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*