ОҚО-да алдағы жылдары қандай жолдар жөнделеді?

Сарыағаш ауданына келсек, мұнда биыл 67 нысанның немесе 119 шақырым жол мен 3 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстары қамтылған. Сондай-ақ, ағымдағы жылы 8 нысанның немесе 8 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Сонымен қатар, 2017-2018 жж. 60,5 шақырымды құрайтын 3 нысанның орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда. Аталған жобалардың жөндеу жұмыстары Қошқар ата, Бесқұбыр, Жамбыл, Жүзімдік, Жаңадәуір, Дербісек, Сарыағаш, Абай, Ұшқын және Халқабад елді мекендерінен өтеді.Оңтүстік Қазақстанда жыл соңына дейін 569 нысан немесе 1452,2 шқ. жолдар мен көшелер, 3 жаяу жүргіншілер өткелдері және 19 көпір құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылатын болады. Ол үшін бюджеттен 29 895,4 млн. теңге қаралған. Ал облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бұл нысандардың 92 нысанын, яғни, 863,5 шқ. жолдар мен 3 жаяу жүргіншілер өткелдерін және 18 көпірін мекеме атынан атқарып, қазынадан 20,7 млрд. теңге бөліп отыр. Бұл қаржыға, сонымен бірге, өңірдегі 4330,3 шқ. облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау мен 483,1 шқ. жолға 59 жобалау-сметалық және сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары да жасалады.

Жалпы саны 92 нысанның 54-і 2017 жылдың соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілсе, қалған 38 нысан келесі жылдың еншісіне өтпек. Биыл аяқталатын нысандарды тарқатып айтсақ, осы жылы ұзындығы 201,65 шқ. құрайтын жол (қалған 661,9 шқ. жол 2018 жылға өтпелі) мен 18 көпір және 3 жаяу жүргіншілер өткелі бітуі тиіс.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*