ОҚО-да жыл соңына дейін 20 шақты елді мекеннің жер асты су қоры бекітіледі

Оңтүстік Қазақстанда облысында  соңғы жылдары жер асты суы төмендеп кеткен. Соның салдарынан 300-ден астам ауылды ауыз сумен қамтамасыз ету өзекті мәселе болып келген болатын. Естеріңізде болса, тіпті кей ауылдарға «Ақ бұлақ» бағдарламасымен ауыз су құбырлары тартылған. Алайда, жер асты суы болмай миллиондар көкке ұшып, жаңа тартылған су құбырлары жарамыз халге түскен болатын.  Осыдан соң, облыс басшылығы бірден ауылдарға су құбырларын тартпай, бірінші жер асты суларын зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет деп шешкен ді. Мәселен. биыл жыл соңына дейін 61 елді мекенде геологиялық іздеу-барлау жұмыстары басталып, 19 елді мекеннің жер асты су қоры бекітілмек. Қазіргі таңда өңірімізде жер асты су қорын бекітуді қажет ететін 383 ауылдың 244 елді мекенінде аталған жұмыстар атқарылған. Облыстың 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасына сәйкес, 2020 жылға дейін жер асты су қоры бекітілген елді мекендер санын 383-ке жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ә.Әбдіқадыров хабарлады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*