ОҚО-ДА «ON DANCE» ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫҢ КӨШЕ БИЛЕРІНЕН ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ

Оңтүстік Қазақстан облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «ON DANCE» талантты жастарды қолдау жобасы аясында көше билерінен фестивалі өткізілді.Шараның мақсаты – жастардың заманауи би өнерін, талантын жандандыру, дарынды жастарды қолдау, ынталандыру және жастар арасында көше билерін дамыту.

Фестивальге көрші Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен және Алматы, Тараз қалаларынан 7-8 жастан тұратын 11 команда қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

Фестивальге Алматы қаласынан келген Италияда өткен «Solo Contro II Mondo», Ресей Федерациясында өткен «FunBox», Украинада өткен «Adrenalin Fest» байқаулардың жеңімпазы Бауыржан Сейфуллин төрелік етті.

Өнер сайысының қорытындысы бойынша, облыс әкімінің кубогын Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан республикасы жастарынан құралған «Достық» командасы жеңіп алды.

Жалпы жүлде қоры 1 млн теңгені құрады.

Іс-шараға қонақ ретінде МС және диджей Улан, «Mega Dance GK» студиясының жас бишілері қатысып, өз өнерін көрсетті.

Фестивальді жалпы 5000-ға жуық жастар мен қала тұрғындары тамашалады.

Дереккөз: ontustik.gov.kz

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*