ОҚО-ДА «БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ, КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ!» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында «АСТАНА EXPO-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз!» атты мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған облыстық шығармашылық байқауы өтті.Байқаудың мақсаты – мүмкіндігі шектеулі дарынды жастардың шығармашылығына қолдау көрсетіп, өмірге деген құштарлығын арттыру.

Аталмыш байқауға аудан, қалалардағы шығармашылыққа бейім, бейнелеу өнеріне қызығушылығы жоғары, мүмкіндігі шектеулі 50-ге жуық жас қатысып, талапқа сай «Болашаққа бағдар: менің болашағым» тақырыбында сурет салды.

Үздік деп танылған суретші жастар облыстық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен өтетін «Өлкетану» экскурсиясына жолдама алып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Өнер сайысының қорытыныдысы бойынша Шымкент қаласының оқушысы Барат Айдана жеңімпаз деп танылды. Ал, екінші орынды Кентау қаласының жасы Құрақ Бекзада иеленді. Сонымен қатар, Шымкент қаласындағы №1 саңырау балалардың мектеп-интернатының оқушысы Азамат Нұржанұлы үздік үштіктен көріне білді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*