Шымкенттегі №2 колледж нағыз қоғамға қажетті мамандарды даярлап жатыр

Шымкентте не көп колледж көп. Күнделікті оқу ғимараттарының жанынан өтіп жүрсек те көп мән бере бермейді екенбіз. Бүгін сол кәсіптік бағытта білім беретін №2 колледжге жол түсті. “Кәсібім-мақтанышым” атты колледж студенттерінің шығармашылық жұмыстарының көрмесімен танысып қайттық. Белгілі ұстаз Альбина Елшиева басшылық ететін бұл оқу ордасы еліміздің құрылыс саласына жұмысшы мамандар даярлайтын бірден бір техникалық және кәсіптік білім беру мекемесі.Онда құрылыс саласында әрлеу жұмыстары, кең профиьді құрылыс шебері, құрылыс машиналары мамандықтары бойынша кәсіби маман түлетумен айналысуда.

Аталған колледж 11 біліктілік бойынша:
*Электргазымен пісіруші;
*Автомобиль кранының машинисі;
*Автокөліктердің электр құрылғыларын жөндеуші электрик;
*Автокөлікті жөндеу слесарі;
*Көркемдеу- әсемдеу жұмыстарын жүргізуші;
*Электрондық есептеу машиналарының операторы;
*Жиһаз жинақтаушы;
*Ағаш ұстасы;
*Радиоэлектрондық жабдықтарды жөндеу және оған қызмет көрсету жөніндегі радио механик (Радио, теле, аудио, бейне);
*Электромонтер;
*Сылақшы мамандықтарына білікті мамандар даярлайды.
Айта кетерлігі, білім ордасында оқу процесі дуальдық оқыту жүйесіне негізделіп, теориямен қоса практикалық жұмыстарға көңіл бөлінген. Әсіресе, студент жастар Оңтүстіктегі құрылыс салысына маманданған ірі, орта және кіші кәсіпорындарда практикадан өтіп, жалғасты сол мекемелерде жұмысқа орналасып жатады екен.
Колледж директоры Альбина Елшиеваның айтуынша ізденімпаздар үшін өндірістік шеберханаларда түрлі жұмыс түрлерімен айналысуға барлық техникалық шарт-жағдай жасалынған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*