«Астана Арена» 2019-жылғы УЕФА Суперкубогын өткізуге үмітті

2019-жылғы УЕФА Суперкубогы үшін өтетін ойынды өткізуге «Астана Арена» өтініш берді. Бірақ бұл доп додасын жоғары деңгейде ұйымдастыруға «Астана-Аренадан»өзге Еуропаның 6 стадиондары ниет білдіріп отыр.

сурет tengrinews.kz сайтынан алынды

 Нақтырақ айтқанда, Албанияның астанасы Тирана қаласындағы «Кемаль Стафа» алаңы, Израйлдың «Самми Офер», Польшаның «Арена Гданьск», Солтүстік Ирландияның «Уиндзор Парк» стадиондары өтініш берген. Ал, сарапшылар бұл тізімнің басты үміткері деп, Түркияның Стамбулындағы «Бешикташ Арена» мен  Фрнацияның Тулуза қаласында орналасқан «Стадьом-де-Тулуз» алаңдарын айтып отыр. Бұл сайыста өзіміздің «Асатана-Аренаға» сәттілік тілейміз.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*