ОҚО-ды биыл 60 жуық елдімекен көгілдір отынмен қамтылады

Жыл санап Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінгі таңда 900 ге жуық елдімекен болса, соның 300-не газ құбыры тартылған. Яғни, түстікте көгілдір отын мәселесі әл күнге өзекті. Дегенмен, бұл мәселе жыл санап өз шешімін тауып келе жатыр. Нақтырақ айтқанда, облыс басшылығы был жыл соңын дейін 57 елдімекенге газ жеткізуді көдеп отыр. Егер де, жоспар толығымен орындалар болса, бұл оңтүстікті көгілдір отынмен қамтамасыз етуде орасан іс атқарылар еді. Өздерңізіге мәлім, газ ол мәдениет. Яғни ауыл тұрғындары қысқа қарай мал қорадан тезек тасып, ағаш қырқып отын жағып әуре болмас еді. Міне көрдіңізбе, көгілдір отын ауылдаға жеткізілсе, бір емесе бірнеше мәселе шешілері хақ.Ауылдарды газдандыру мақсатына облыстық бюджеттен 14,1 млрд теңге бөлініп отыр. Бұл туралы «Қазақстан-Шымкент» телеарнасында тікелей эфирде тұрғындардың сұрағына жауап берген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті. «Облыстың елді мекендерін 2017-2020 жылдар аралығында газдандырудың кешенді іс-шара жоспары әзірленді. Жоспарға сәйкес 2020 жылға қосымша 383 елді мекенді газдандыру жоспарланып отыр. 2021 жылға табиғи газбен қамтылған елді мекендер санын 683-ке немесе 2 млн. 720 мың тұрғынға жеткізу межеленіп отыр»,- деді Жансейіт Қансейітұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*