ОҚО ЭКСПО көрмесінде 4 жобаны интерактивтік картада ұсынбақ

Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінде интерактивтік картада Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 4 жоба ұсыну жоспарланып отыр. Бұл жөнінде Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшылығы мәлім етті.Ааламыш жобалар «Нұр Әлем» ұлттық павильонында көрсетіледі деп жоспарланып отыр. Жобалар жасыл технологияларды дамыту саласында қонақтар мен көрме қатысушыларын таң қалдыру қажет. Оңтүстіктің жобалары көрмеге қатысушыларды жаңартылған энергия көздерімен ерекше көңіл аудартатыны анық.

Дәлірек айтқанда, интерактивтік картада ұсынылатын жобалардың бірі «Аксу-Энерго» күн энергиясы саласындағы  жоба. Яғни, ол күн электр станциясы 2014 жылдың аяғында іске қосылған. Күн батареялары жалпы 1 МВт электр энергиясын өндіре алады.

«Болашақ энергиясы» — көрмесінде таныстырылатын жобалар тізбесі – «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС, «Рысжан»-«Келесгидрострой» ЖШС-гі нің су электр станциясы мен пайдаланылған мотор майын қайта өңдеу бойынша «Hill Corporation» ЖШС. Жобалар шетелдік өнімдермен бәсекелесе алады.

 ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*