ОҚО-дағы жоғарғы оқу орны «QS World University Rankings» Халықаралық Агенттігінің рейтінгінде жоғарылады

Оңтүстік өңіріне алыс Ұлыбритания елінен қуанышты хабар келіп жетті. Мұқтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті әлемдік білім нарығында бәсекеге қабілетті екендігін тағы да дәлелдеп, «QS World University Rankings» Халықаралық Агенттігінің рейтінгінде әлемдегі 5000-нан астам университеттер арасында 108 сатыға көтеріліп, 513 орынды иеленді. Бұл дегеніңіз, әлемнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары арасындағы бәсекеде қол жеткізген үлкен мәртебе. Сонымен қатар, бұл Қазақстан мен Орта Азияны былай қойғанда, ТМД елдері жоғары оқу орындары арасындағы озық жетістік болып табылатынын айта кеткен абзал.

Мұқтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұжымын айтулы жетістігімен құттықтаймыз және оқу орны алдағы кезде де Елбасы қойған асқаралы міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыру жолында, заман талабына сай келетін жоғары білікті мамандар даярлайтын жетекші білім ордасы ретінде өзіне жүктелген жауапкершілік пен сенім үдесінен көріне біледі деп санаймыз.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*