Түркістандағы «Тұран» кооперативі мақтаны тамшылатып суғарып, сүт өңдеп отыр

Оңтүстік Қазақстан облысының Жансейіт Түймебаев, Түркісатн қаласы  Қарашық елді мекеніндегі «Тұран» ауыл шаруашылығы кооперативінде болды. Хабибулла Азимов басшылық жасайтын «Тұран» ауыл шаруашылығы кооперативі 2007 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Содан бері кооперативте тамшылатып суғару технологиясы қолданылған мақтаның егіс алқабында мақта және мақта талшығы өнімдері өндіріледі. 156 жұмысшы еңбек ететін бұл «Тұран» ауыл шаруашылығы кооперативі өз жұмысын жандандырып, 2016 жылы арнайы заманауи құрылғылармен жабдықталған сүт өңдеу цехын ашты. Бүгінде халықтың күнделікті тұтынатын сүт, сары май, сыр, қаймақ, айран сынды сүт өнімдерінің бірнеше түрлерін өндіреді.

Аталмыш кооперативтің сүт өңдеу цехының сметалық құны 195 млн теңге құраса, кәсіпорын басшылығы цехта еңбек ететін 12 жұмысшыға айына 55-60 мың теңге көлемінде жалақы төлейді. Қазіргі таңда кәпсіпорын өнімдері жергілікті халық игілігіне толық тұтынуға болатын сапалы, әрі сенімді, бағасы тиімді. Айта кетерлігі мұнда сүт өнімдерінен бөлек, мақта майы, кір сабын, мақтадан мал азығының бірнеше түрі дайындалады. Және де тамшылатып суару құрылғыларын шығаратын цех жұмыс істеп тұр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*