Мақтааралдық шаруа «голштин» асыл тұқымды бұзауларды бағып жатыр

Мақтарал ауданында тұратын Дәулет Қалжігітов «Ырыс» микро кредиттік ұйымынан 4 миллион теңге несие алып, мал бордақылау және сүтті мал шаруашылығымен айналысып отыр.30 сиыр, 30 бұзауды бағып отырған шаруа қолдан жайылым жасау үшін сор басып жатқан 5 гектар жерді қалпына келтіріп, жүгері егіпті. Бұл өз кезегінде жем-шөп мәселесін шешеді деп отыр. Мақтарал ауданында жайылым жер аз болғандықтан, сиырларын Шардара ауданындағы жайылымдарға жіберіпті.«Ырыс» микро кредиттік ұйымынан 2016 жылы 4 миллион теңге несие алып, Алматы облысындағы шаруалардан канадалық «Голштин» атты асыл тұқымды 22 бұзау алдым. Асыл тұқымды бұзаулар мен жергілікті бұзаулардың айырмашылығы жер мен көктей. Канадалық бұзаулардың бойы да салмағы да әлдеқайда жоғары. Бұзаулар жетілген соң жергілікті сиырлармен шатыстырып, жаңа парода жасамақшымын» — дейді Дәулет Қалжігітов.«Голштин» тұқымы АҚШ пен Канадада Голландияның қара-ала тұқымы арқылы шыққан. Алғашқы уақытта шығарушы фермерлер жаңа тұқымның сүттілігіне және тірі салмағына көңіл бөлген. Голштин сиырларының орташа тірі салмағы 670 кг-нан 700 кг-ға дейін, бұқаларының салмағы 960 кг-нан 1200 кг-ға дейін барады екен. Шаруаның бағып отырған бұзауларының еркегі туылғанда 44-47 кг-ды тартса, ұрғашылары 32-42 кг-ға жеткен.Дәулеттің айтуынша, «Голштин» пародасының адаптациялық қасиеті жоғары және ауа-райына тез бейімделетін болғандықтан, Мақтарал ауданының ыстық ауа-райы олардың өсуіне ешқандай кедергі келтірмейді екен. «Тез жетіліп, азықты тез өтейтін малдың бірден бір мәселесі – жем-шөп» — дейді ол.

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*