ОҚО-да 1353 мектеп бітіруші «Алтын белгіден» үмітті

2016-2017 оқу жылында Оңтүстік Қазақстан облысының 4 оқушысы халықаралық олимпиада да, 26 оқушы республикалық олимпиадаларда, 10 оқушы ғылыми жобаларда және өнер мен спорттан 10 оқушы халықаралық жүлделі орындарға ие болған. Ал, республикада жаратылыстану-математика бағыты бойынша облыс командасы «Ең үздік олимпиадалық команда-2017» атағын ие болса, Шымкент қаласындағы №1 «Білім-инновация» лицейі «Ең үздік олимпиадалық мектеп» номинациясын екі жыл бойы жеңіп алып, жоғарғы нәтежиелерді көрсетіп облыс мерейін арттырып келеді.Бүгін республика бойынша мектеп түлектеріне орта білім туралы аттестаттар салтанатты түрде табыс етіліп жатыр. Жалпы биылғы жылы облыста 33 мыңға жуық оқушы 11-сыныпты бітіріп отыр. Ал, оның ішінде 1353 бітіруші «Алтын белгі» белгісінің иегері атанса, 855 түлек үздік аттестатпен мектепті тамамдап отыр.Үздік оқушылармен кездескен облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы, өңірдің мерейін асырған талапты түлектерге олардың ұстаздарына алғыс білдіріп, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*