Шардаралық білекті жігіттер Қырғызстанда көк туымызды көкке көтеріп, әнұранымызды 23 рет шырқатты

5 — 10 маусым күндері аралығында Қырғызстан мемлекетінің Ыстықкөл демалыс аймағы, Бостери қаласында жасөспірімдер, жастар жəне ересектер арасындағы армрестлингтен XVI Азия чемпионаты аяқталды.Ыстықкөл жағасында 3 күнге созылған айтулы додада Азия құрлығының Жапония, Үндістан, Корея, Малайзия, Пәкістан, Иран, Ирак, Моңғолия, Өзбекстан, Тəжікстан, Қырғызстан, Қазақстан тағы басқа да мемлекеттерінің білегінен күш саулаған спортшылары күш сынасты. Осынау алпауыт елдер арасында жерлестеріміз топ жарып, командалық есепте Қазақстан Республикасы І орынды айқын басымдықпен иеленді. Одан кейінгі ІІ орынды Қырғызстан еншілесе, ІІІ орынды Иран мемлекетінің спортшылары қанжығасына байлады.
Азияның барлық мемлекеттері алдында əдеттегідей Тəуелсіз Қазақстанның құрамасы сапында, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданының білегі құрыш балуандарымыз Қырғызстан жерінде 23 рет əнұранымызды шырқатып, көк туымызды биікте желбіретті.
Азияның жыл сайын өтетін ең үлкен бұл додасында біздің құрама команда спортшыларын жекелей алғанда жасөспірім спортшыларымыз (18 жасқа дейінгі)
7 алтын, 4 күміс еншілесе, жастарымыз (19 жас пен 21 жас аралығы) 5 алтын, 1 күміс алды, ересек спортшыларымыз сол қолда 5 алтын, 4 күміс, ал оң қолда 6 алтын, 4 күміс, 1 қолаға қол жеткізді.
Қырғыз жерінде атой салған жеңімпаз спортшыларымызбен таныс болыңыздар.

Жасөспірімдер арасында

Абдулла Құралай I орын.
Сарыбай Ердəулет I орын.
Қадыр Нұрхан I орын.
Рахмет Азамат I орын.
Көшкенбек Нұрдəулет I орын.
Айтбек Бекет I орын.
Қаржау Есболат I орын.

Жастар арасында

Əбсаттар Дəурен I орын.
Анықбай Беймен I орын.
Өсербай Қыдыр I орын.
Қадыр Нұрдəулет I орын.
Айдархан Нұрдəулет I орын.

Ересектер арасында

Сол қолда:
Айдархан Нұрдəулет 1 орын.
Ақтай Талғат 1 орын.
Шəмиев Мағжан 1 орын.
Қарсыбаев Ғалымжан 1 орын.
Садуақасов Нұрдəулет 1 орын.
Оң қолда:
Қыдырбай Əкім I орын.
Рүстембек Талғатбек I орын.
Шəмиев Қайырхан I орын.
Шəмиев Мағжан I орын.
Қарсыбаев Ғалымжан I орын.
Сәдуақасов Нұрдәулет I орын.

Спортшыларымызды осындай айтулы жеңістерімен құттықтай отырып, шілде айында Хорватия мемлекетінде өтетін Əлем кубогына қатысатын жерлестерімізге жеңістер тілейміз.
«ShardaraArmsport-news»

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*