Арыстық ұстаз «Ы.Алтынсарин» төбелгісімен марапатталды

Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Бәсекеге қабілетті дамыған ел болу үшін, біз жоғарғы білімді ұлт болуымыз қажет» деп атап өтті. Бұл ұстаздар алдына қойылған, жүгі ауыр, үлкен міндет.
Осы жауапкершілікті ойдағыдай атқару үшін әрбір ұстазға жан-жақты ізденіс, қазіргі заманымызға сай жаңа технологияларды игеру, өз білімдерімен, кәсіби шеберліктерін үздіксіз жетілдіруге мол мүмкіндіктер қарастырылған.Осы орайда, бүгін қаламыздағы Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Ақтөреев Шәмшібек Тасыбекұлын қала әкімі М.Қадырбек жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін білім және ғылым министрінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапаттады.Оқу ісінің үздігі Шәмшібек Тасыбекұлы 38 жыл еңбек өтілінде көптеген жетістіктерге жеткен. Шәкірттері Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша үнемі жоғары көрсеткішке жеткен ұстаздардан түлеп ұшқан шәкірттер қазір алыс-жақын шетелдерде оқып, қызмет жасап жүр.
Шәкірт тәрбиелеп, бүгінгі күнде еңбегі еленіп, зор қуанышқа кенелген ұстазға шаһар басшысы Мұрат Болатұлы шығармашылық табыс, зор жетістіктер тіледі.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*