ОҚО-да 30 мыңға жуық түйе бар

Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәлiметiнше, бiздiң өңiрдегi түйе саны 27 мыңды құраса, соның 9000-нан астамы Созақ ауданында. Негiзiнен Созақта еттi, ал, Отырарда сүттi түйелер өсiрiледi екен.

сурет Elarna.kz сайтынан алынды

Оңтүстiк-Батыс мал және өсiмдiк шаруашылығын зерттеу институтында, түйе шаруашылығымен айналысатын арнайы бөлiм жұмыс iстейдi. Аталмыш бөлiмнiң жетекшi қызметкерi Мейрамбек Ермахановтың айтуынша, түйе шаруашылығы Оңтүстiкте Созақ, Отырар аудандары мен Түркiстан қаласында, Арыс қаласының Ақдала, Бәйдiбектiң Мыңбұлақ, Шардараның Достық ауылдарында қолға алынған. Аталған елдi мекендердегi тұрғындар түйе өнiмдерiн түгелге жуық тұтынады деуге болады.

Түйенiң ең жақсы жерi қысы-жазы далада жайылып, сексеуiл, жыңғыл, шағыр, терiскен, жантақ, қарасора сияқты ащы шөптердiң бәрiн жей бередi. Соңғы жылдары қымыран мен түйенiң шудасына, әсiресе… зәрiне сұраныс күрт көбейіпті. Созақтық Келер Теңiзбековтiң 30 түйесi бар. Асқазанында кәкiрi барлар Келер ағаның үйiнде айлап жатып, түйенiң сүтiн iшiп, ауруынан айығады екен. Яғни, түйе асырау бүгінде тиімді және пайдалы болып келеді.

Сондықтан облфстағы түйе саны да жыл санап көбейіп келеді. Мәселен, облыстық ауылшаруашылығы басқармасының дерегiнше, өткен жылы өңірде 25 267 түйе болса, биыл ол 26 916-ға жеткен. Яғни, облыс бойынша бiр жылда түйелердiң саны 1649-ге көбейген. Ал, өткен жылы 254 408 болған жылқы биыл 301 937-ге жетiптi.

Дереккөз: www.okg.kz

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*