ОҚО-да суға бату оқиғалары 24%-ға азайып отыр

Бүгін Өңірлік коммуникация қызметінде шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік пен  өрт қауіпті кезеңінде төтенше жағдайларды алдын алу мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен облыстық спорт басқармасы өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. 

Онда сөз алған департамент бастығының орынбасары полковник Батырғали Сопбеков шомылу маусымы басталғанын айтып, оңтүстікқазақстандықтарды сақ болуға шақырды. Сонымен қатар, полковник жыл басынан бері 24 пайызға төмендегенін тілге тиек етті.«Су айдындарында адамдардың өлімін болдырмау мақсатында, әсіресе шомылу маусымы кезеңінде, жедел-құтқару жасақтың мүмкіндіктері максималды түрде пайдалануда.  Бүгінгі күні облыстың су айдындарында қауіпсіздікте 90 жедел-құтқару жасағымен қамтамасыз етілсе, 22 автокөлік және құтқару техникасы, 30 судағы құралдары, 50 сүңгуір жабдықтары мен құрал-саймандары дайындыққа келтірілген. Жалпы алғанда, жоғарыда көрсетілген қабылданған іс-шаралардың арқасында суға батқандардың санын жыл басынан бері  24% -ға төмендетуге қол жеткіздік. Алдын алу және түсіндірме жұмыстары шомылу маусымының соңына дейін жалғасады»,-деді Батырғали Сопбеков.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*