ОҚО-дағы мәдениет ошақтары балаларға базарлық жасады

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласындағы «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының мәжіліс залында «Сақ» киностудиясының «Қошқар мен теке» толықметражды анимациялық фильмі балалардың назарына ұсынылды. Мультфильмді көруге 5 пен 10 жас аралығындағы «Ақерке» балалар залының тұрақты оқырмандары жиналғанын айта кетейік.  Анимациялық фильмді көрсетудегі негізгі мақсат – балаларды қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі кейіпкерлермен таныстырып, ұлттық рухани біліммен қаруландыру болатын. Осы арқылы олардың бойына отансүйгіштік, еліне деген патриоттық сезімін ояту. Ертегі кейіпкерлері арқылы бұл өмірдегі ақ пен қараны, жаман мен жақсыны ажырата білуді үйрету. Сонымен қатар, әлсізге қол ұшын беріп, көмекке мұқтаж жандардың қашанда жанынан табыла білуге баулу. Өмірдің қиындықтарына мойымай, күресуді үйрету болатын.Бұл іс-шара «Оңтүстік фильм» мекемесі мен «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының балаларға кино көрсету бойынша қол қойылған меморандум аясында жүзеге асып отыр. Екіжақты келісімнің нәтижесінде балалар қызыға тамашалайтын туындылар алда да көрсетілетін болады

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*