Түркістандық шаруа Шухриддин Мухаммедов жылыжайдың қыр-сырына қанық

Мухаммедов Шухриддин 59 жаста . Оңтүстік Қазақстан облысы Ескі Ихан ауылының тұрғыны. Ип «Мухаммед ата» жылыжай қожалығының иесі. Түркістан қаласына қарасты Ескі Ихан ауылындағы Қ.А. Ясауй атындағы жалпы орта мектеп мұғалімі.Кәсіп ашудағы негізгі мақсатыңыз қандай?

Оңтүстік өңірі егізінен шаруашылықтың нағыз ордасы ғой. Мен көп жерлерде болғанмын. Әсіресе күнгейдің оңтүстігіндегі Сарыағаш өңірінің жылыжай шаруашылығы мені қатты қызықтырды. Содан жасым алпысты алқымдап қалса да мен неге аша алмаймын? Деген ой келді. Аллаға шүкір ұл қыздарым бар, барлығыда еңбекқор. олардың да қолдауы ерекше. Жылыжай қожалығын бастап, оны үлкейтіп, көркейтіп жанұялық кәсіп ретінде қалыптастыру басты мақсат болды.

Содан?

Көптен бері ойда жүрген іске2015 жылы кірістім. Кәсіпкерлер палатасына барып кеңес алдым. Олар «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша шағын және орта кәсіпті бастап, оны гүлдендіруге болатынын айтты. Содан 3-4 ай көлемінде отбасымызбен өзара жоспар құрып, талқыладық. 10 соттық жерімізге жылыжай қожалығын салуға бел будық. Мемлекеттен 7 пайыздық мөлшермен 5 миллион теңге қаржылай несие алып, тірлікті бастап кеттік. Алғашында көкөністердің көп түрін өсіреміз деген ой болған, алайда қиярдың шығын көп алып келмейтін болғандықтан бүгінгі күнге дейін қияр өсірудеміз. Былғы маусымда болгар бұрышына тапсырыс болғандықтан бұл көкөніс түрін де өсіріп көріп жатырмыз.

Жылыжай салдыңыздар. Оған қажетті құрал-жабдықтар қайдан алып келдіңіздер?

Біздің жылыжай екі қабатты пакеттен тұрады, тамшылатып суару арқылы жүзеге асады. Ішінің барлығы соңғы үлгідегі жабдықтармен жабдықталған,толық жылу жүйесі іске қосылып түрады, жылы еден жүргізілген. Біз жылыжайға қажетті құралдарды Шымкент қаасынан алып келдік. Ең маңыздысы қаптайтын пакетті Корей еліне арнайы тапсырыс беріп, алдырттық. Сапасы жағынан сөз жоқ.

Кәсіп ашу оңай емес, әрине. Жоспарланған жұмыстарыңыз жүзеге аспай жатып қандай да бір қиыншылықтар кездескен шығар?

Иә, оңай емес екен. Адамның ойында жүрген сан-алуан ой бірден орындала кететіндей көрінеді . Алайда Кореяға берген тапсырысымыз айтылған

уақытынан кешігіп келіп жоспарымыздың біраз бөлігі орындалмай қалды. Қияр егу маусымы да өтіп кетіп, кәсіпке деген құлшынысымыз су сепкендей басылып қалды. Өзіміз несиемен бастағанбыз, ай сайын мемлекетке берешегіміз бардегендей. Бірнеше ай кешігіп келген құрылғыны орнатып, келесі маусымға әупірім деп үлгергеніміз бар.

Мұхаммед ата жылыжайында қанша адам жұмыс жасайды?

Негізі басында отбасылық кәсіп деп бастадық қой. Отбасымыздың барлық мүшесі жұмыс жасайды. Кейде жұмыстың көптігіне байланысты жұмысшылар алуға тура келеді. Оларға еңбегіне қарай ақысын төлеп отырамыз. Бұл жылыжайда ұзын саны 7 адам тұрақты жұмыс жасайды.

Бір маусымда қандай мөлшерде қияр тересіздер? Бұл терілген өнімді қайда апарып өткізесіздер?

Біз негізінен Түркістан қаласының базарларына апарып өткіземіз. Сонымен қатар Ауылға жақын орналасқан дүкендер мен маркеттерге де үздіксіз өткізіп тұрамыз. Маусым санын толық есептеп көрмеппіз. Әр кезде әр қалай. Алайда осы маусымда 10 соттық жылыжайдан араға күн салып 300-350 кг қияр теріп отырамыз.

Алдағы уақытта жылыжайды үлкейту ойыңызда бар шығыр?

Әрине, ойда бар. Бұл жылыжайды бір үйдің жер теліміне орналастырғанбыз. Қарастырып көргенімізде мемлекеттен арнайы жерлер бөлінбейді екен. Ерінбей еңбек етіп, нәсібіміздің нәсібін көріп, тағы да бір жер телімін алсақ деген алдымызға мақсат қойдық. Енді осы жолда аянып қалмаспыз. Тағы бір айта кетерлік жайт, Қияр өсірумен қатар шағын көшет жылыжайын да салған болатынбыз. Арнайы ыдыстарға орналастырылған көшеттерге қызығушылық білдіріп, тапсырыс беріп жатқандар да аз емес бүгінде.

Қандай көшеттер?

Бірінші қияр әрине, қызынақтың да бірнеше сорты қауын мен қарбыз да бар.

Кәсіпті орта жолда қалдырып кетпеу үшін, кездескен кедергілерге төтеп бере алу үшін кәсәпкер бойында ең басты қандай қасиеттер болуы керек?

Ең алдымен алдыңа қойылған мақсатың айқын болуы керек деп ойлаймын. Арманың асқақ, мақсатың айқын болса ғана кәсібіңнің нәсібін көресің. Содан кейін шыдамдылық пен сабырлылық қажет. Жоспарлы түрде жұмыс жасап, ақылыңмен қоса еңбегіңді сарп етсең ғана нәтежиеге қол жеткізесің.

Жылыжай саламын деушілерге қандай кеңес берер едіңіз?

Бізге күн сайын жылыжайға қызығушылық танытушылар келіп, көріп кетуде. Сонымен бірге өзіміздің ауылдағы кәсіпкерлік мектептің білім алушылары да іс-тәжірибеден өтіп жатыр. Жалпы кеңесім, не өсірсең де барлық жағдайды жасап барып, жылыжай салу қажет. Бір кемшілігі болса, онда құрдымға кетесің. Содан кейін, біз жақта жел күшті соғады, күн сайын жел десем де болады. Табиғаттың мінезіне төтеп бере алатындай етіп жылыжай салыңдар деп кеңес беремін. Көкөністердің бірнеше сортын қатар өсіріп, Сұрыптарды көбейтуге кеңес берер едім. Ол бізде де алдағы уақытта жүзеге асады.

Сұхбатыңызға рахмет!

авторы: Гүлнұр Асқарбекқызы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*