ОҚО әкімі туған жерді түлетуге кәсіпкерлерді жұмылуға шақырды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыстық Кәсіпкерлер палатасының ұйытқы болуымен өткен еркін форматтағы кәсіпкерлер кездесуіне қатысты. Жиынды ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Абубакиров жүргізіп отырды.           Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары мен өңір кәсіпкерлері және банк директорлары, мемлекеттік мекеме басшылары, даму институттарының жетекшілері мен  БАҚ өкілдері  қатысты.

Кездесу барысында  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындаған мақсат-міндеттер сараланып, өңірдің даму концепциясы талқыланды. Бизнестің өркендеуіне мемлекет тарапынан жасалынып отырған қолдаулар мен кәсіпкерлерді қаржыландыру жүйесінің жаңа тетіктері сөз болды.

Туған жерді түлету — ортақ парыз екенін айтқан облыс әкімі Ж.Түймебаев кәсіпкерлерді туған жерге, елге деген сүйіспеншілік пен жанашырлықтың үздік үлгісін көрсетуге шақырды.

«Бүгінгі таңда, мемлекет тарапынан бизнестің өркендеуіне барлық қолайлы жағдайлар жасалынып отыр. Соның нәтижесінде тек соңғы 3 жылда облысымызда «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы  жалпы құны 23,4 млрд. теңгені құрайтын  5,7 мыңға жуық жоба қаржыландырылды. Бұл дегеніңіз жақсы көрсеткіш. Десек те, алда атқарылатын жұмыстар әлі де аз емес. Бұл ретте мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мен өңір экономикасын өркендетуде жеке кәсіпкерлердің қосып жүрген үлес, ықпалының зор екенін айтқым келеді», -деді Жансейіт Қансейітұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*