ОҚО әкімі кәсіпкерлерге сауда үйлерін емес, әлеуметтік, туристтік нысандар салуды ұсынды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы әкім бизнесмендермен кездесу барысында сауда орталықтары мен сити кешендерін салуды тоқтатып, халыққа қажетті тұрғын үй мен студенттерге арналған жатақхана салуды және өңірдің экономикасына септігін тигізетін туристтік жобаларды салу жайын көтеріп, сол жобаларды жүзеге асыруға шақырды.Мұнан бөлек, жиында облыс әкімінің орынбасарлары өз салалалары бойынша мемлекеттік-жекешілік әріптестік аясында жүзеге асырылуы тиіс жобаларды таныстырып, бұл бағытта мемлекеттен көрсетілетін қолдауларды айтып өтті.Онда облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды  мемлекеттік-жекешілік әріптестік шеңберінде 35 жоба салу ұсынылып отырғанын атап өтті. Ал облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Жамалов Түркістан қаласы мен Сарыағаш, Шардара, Төле би аудандарында іске асырылатын туристтік жобалар мен басқа да аудандарда іске асыруға болатын ауыл шаруашылық, өндірістік бағыттағы жобаларды таныстырды.

Жүзге жуық кәсіпкерлер бас қосқан жиында олар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінен туындайтын идеялардың жүзеге асуында және бизнеске кедергі болып отырған негізгі өзекті мәселелер туралы пікірлерімен бөлісіп, облыстың дамуы бойынша өз ұсыныстарын жеткізді.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*