ОҚО-да медицина қызметкерлері марапатталды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы, денсаулық саласында талмай еңбек еткен дәрігерлерді «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен және облыс әкімінің құрмет Грамотасы мен Алғыс хатымен марапаттады.Мерекелік шарада сонымен қоса, өзгеде мереке иелеріне ҚР денсаулық сақтау министрлігінің  «Еңбек ардагері» медалі, ҚР «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», ҚР «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін»,  «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін»   төсбелгілерімен наградталса, бірқатар азаматтар Қазақстан Республикасы Денсаулық министрлігінің құрмет Грамотасы мен Алғыс хатымен марапатталды. Осылайша, бұл күні 100-ден астам медицина қызметкерлерінің еңбегі еленіп, қуанышқа бөленді.Салтанатты жиынның соңы мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. 

Айта кетейік, Оңтүстікте 30 мыңнан астам адам денсаулық саласында еңбек етсе, оның 7 мыңнан астамы дәрігерлер, ал 23 мыңы орта буынды қызметкерлер болып келеді. Еске салайық, еліміздегі аймақтар арасында бірінші болып Оңтүстік Қазақстан облысының орталығында трансплантация қолға алынған болатын. Дәрігерлеріміз бүгінге 82 бүйрек және 8 бауыр алмастыру оталарын жасады. Ал  осы жылы облысымызда тұнғыш рет «қайтыс болған донордан» ағза алмастыру жүргізіліп, 2 бүйрек алмастыру отасы сәтті жүзеге асты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*