ОҚО-да жас туристер Қазығұрт шыңына шықты

«Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыстық жас туристер станциясы халықаралық мамандырылған „ЭКСПО-2017„ көрмесі аясында Қазығұрт шыңын бағындыру үшін біркүндік жорық ұйымдастырылды. Аталған іс-шара „Жер-Ана„ көпкүндік жорығының бір кезеңі болып табылатынын ескере кету керек. 120 үйірмеші шыңды екі әдіспен бағындырды — жүгіру және баяу жүру. Шыңға жүгіруден 1768 м биіктік шыңға жүгірушілерге бір сағаттан сәл астам уақытта бағынды. Ер балалар арасында — Салдарбеков Нұрислам бірінші, Касимов Никита екінші, Талип Нұрдаулет үшінші болып келді. Қыз балалардан топ жарған Афанасьева Екатерина болса, Демидова Алина мен Әжіман Мерей екінші және үшінші орындарды тиісінше бөлісті.Жас туристердің келесі сынағы 15-18 маусым күндері Біркөлік шатқалында орналасқан туристік лагерь базасында жалғасын табады. Ақмешіт, Сухое, Мокрое шатқалдарына біркүндік жорықтар ұйымдастырылып, жеткіншектер жыл бойы көкжиекті анықтау мен жергілікті жердің картасын сызу бойынша алған білімдерін іс жүзінде сынап көреді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*