Арыста «міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру-заман талабы деген тақырыпта жиын өтті

Арыс қаласында «Нұр Отан» партиясы жергілікті филиалы ғимаратының мәжіліс залында 2016 жылдың 29 қазанында Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын түсіндіруге арналған алқалы жиын өтті. Жиынды қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев ашып, жүргізіп отырды.Аталған жиынға мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, қала тұрғындары және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Жиында әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры жарнасын төлеуден азаматтардың 15 санаты (халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобы) босатылатыны түсіндірілгенін айта кеткен жөн.
 Олардың ішінде балалар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері бар. Сонымен қатар, бұрын «Батыр Ана» атағын алғандар, одан өзге I және II дәрежелі «Аналық даңқ» орденімен марапатталған көп балалы аналар да бар. Бұған қоса Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектері, мүгедектер және басқа санаттар қамтылып отыр. Кездесу соңында тұрғындар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан тұщымды жауаптарын алды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*