ОҚО-да жылына 50 тонна жібек өндірілетін болады

Бұл жөнінде Бәйдібектегі Ақбастау ауылында «Тұт бауын өсіру және жібек шаруашылығын дамыту» тақырыбында мамандандырылған көшпелі семинар-кеңесте мәлім болды.«Жібек өндірісі — әлемдегі ең табысты кәсіптердің бірі. Жібек талшығы жібек құртынан алынады. Ал жібек құртының негізгі азығы ол тұт ағашы. 1 гектар  тұт бауынан орташа есеппен 48 тонна жапырақ алынады. Мәселен 1 келі  жапырақты 20 теңгеден сатқанда, 1 гектар тұт бауынан 960 мың теңге табыс табуға болады.  Ал, 1 тонна жапырақ, 1 қорапшадағы 19 грамм жібек кұртын азықтандыруға жетеді. Әр қорапшадан 55 келі жібек өндіріледі», — дейді Сұлтан Бакиров.

Айта кетейік, жібектің әлемдік нарықтағы құны 1 келісіне 30-40 долларды құрайды. Жібек өндірісі әсіресе Қытай мен Жапония елінде қарыштап дамыған.  Ал, ТМД мемлекеттері арасында Өзбекстан жібек шаруашылығын мықтап қолға алған. Келешекте табысы мол  бұл  саланы Оңтүстік Қазақстан облысында да дамыту жоспарланып отыр.

Семинар кеңестің теориялық бөлімі Ақбастау ауылындағы мәдениет үйінде жалғасын тапты. Жиында  жібек өндірісін  дамытудың  мүмкіндіктері мен тетіктері талқыланды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары коопертаивтерге бірігудің тиімділігіне тоқталса, қаржы ұйымдарының өкілдері несие алудың шарттарымен таныстырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*