ОҚО-да ауылшаруашылығы өнімінің көлемі 2 есеге ұлғайған

Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздегі ауылшаруашылығының драйверіне айналмақ. Бұған өңірдегі бүгінгі жағдай мүмкіндік береді. Осы бағытта Серік Тұрбеков басқаратын облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы жұмыс жүргізіп жатыр.Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында елдің аграрлық саласына аса басымдылық беріп, жылдан-жылға сала қарқынды даму үстінде. Оған дәлел, өткен жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 480,4 миллиард теңге, нақты көлем индексі 105 % құрады. Соңғы бес жылда шамамен 2 есеге ұлғайды. Жалпы өнімнің Республикадағы шаққандағы үлесі 13 % құрады. Бұл облыстың аграрлық саласының экспорттық және алдағы уақытта Республика халқын негізгі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін Орталыққа айналдыру әлеуетінің жоғарғы екендігін көрсетеді», — деді басқарма басшысы.Елбасы Жолдауында «Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналу  керек» деп, ауыл шаруашылығы саласына үлкен міндеттер жүктеді.

Осы Жолдауда белгіленген міндеттер бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға  жеке-жеке тоқталған Серік Тұрбеков  2021 жылға дейін агроөнеркәсіп кешені экспортының  көлемі 35 %-ға, 90 мыңнан астам жеке фермерлік шаруашылықтарды біріктіретін 600-ден астам кооперативтер құру және 118,8 мың суармалы жерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*