ОҚО-да бес жүзден астам бала ҰБТ–дан 100 балдан жоғары жинады

20 маусым күні Оңтүстік Қазақстан облысында Ұлттық бірыңғай тестілеуден 4266 бітіруші тест тапсырған болатын. Нәтежиесі жаман емес, облыстың орташа көрсеткіші – 72,3 балды көрсетті. Жалпы кеше 514 бала 100 балдан жоғары көрсеткішке қол жеткізсе, ең жоғары 137 балға Шымкент қаласы, «Болашақ» мектебінің оқушысы Исатай Біржан жинай алған. Мұнан өзге өте жоғарғы көрсеткішке тағы бір оқушымыз жетіп отыр. Ол, Шымкент қаласы №47 мектеп-гимназиясының оқушысы Жолдасбекова Айгерім Дастанбекқызы. Айгерім ұлттық бірыңғай тестінен 136 жинап отыр.Бірінші  күнгі сынақтың қорытындысымен облыстың орта балы – 72,3 балды құрады. Атап айтқанда: Шымкент және Сайрам — 75,5, Қазығұрт — 74,3, Түлкібас — 72,7, Созақ — 70,6, Сарыағаш -70,4, Бәйдібек — 70,2, Мақтарал — 67,03 балды көрсетті.

Тестілеу кезінде Ұлттық бірыңғай тестілеу қағидаты талаптарының бұзылуы орын алған жоқ.

Айта кетейік, облыс бойынша 2016-2017 оқу жылында 11 сыныпты 32964 оқушы аяқтаса, оның 21668-і жоғары оқу орнына түсу үшін сынақ тапсыруға ниет білдірген. Яғни,78,2 пайызы ҰБТ тапсыруға өтініш берген.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*