ОҚО-да жер қойнауын заңсыз пайдаланғандарға тосқауыл қойылды

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен жергілікті полиция қызметі бірлесіп жер қойнауын заңсыз пайдалану деректерін анықтау бойынша рейдтік іс-шара  ұйымдастырды. Нәтижесінде,  Қазығұрт және Сарыағаш аудандарының шекарасындағы Келес өзенінің бойында  құмды-қиыршық тас қоспасын өндіріп, «Камаз» жүк көлігіне артып жатқан тұлғалар құрықталды. Оқиға орнына Сарыағаш аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметі шақыртылып, жинақталған іс құжаттар Қазығұрт аудандық ішкі істер бөліміне жолданды. Себебі оқиға орын алған аумақ Қазығұрт ауданына қарайды.
Сондай-ақ дәл осы күні Кентау қаласы Қарнақ ауылында қазу көлігімен (погрузчик) сазды топырақты қазып, «Howo» жүк көлігіне артып жатқан тұлғалар анықталды.
16 маусым күні рейдтік топ Сайрам аудандық жергілікті полиция қызметімен бірлесіп Сайрам ауданы  Қасымбек Датқа ауылының төңірегіндегі жайылымдық жерден   2 экскаватор, 1 жүк арту техникасы (погрузчик) арқылы сазды топырақты қазып, 6 бірлік «Камаз» жүк көліктеріне артып жатқан тұлғалардың жұмысына тосқауыл қойылды.
Оқиға орнына Сайрам аудандық ішкі істер бөлімінің жедел тергеу тобы шақыртылып, құқықбұзушылық құралы ретінде пайдаланылған қазу техникалары  және «Қамаз» жүк көліктері заңды шешім қабылданға дейін айыптұраққа жөнелтілді.
Бұдан бөлек,  Кентау қаласында кұмды -қиыршық тас қоспасын өндіру дерегі анықталып, қазу техникасы (погрузчик) және жүк тасымалдау көлігі (Татра маркалы) Кентау қалалық ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне тапсырылды.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*