Шымкентте тұңғыш рет «хакатон» марафоны басталды

Шымкент қаласында компьютерлік ақпарат-бағдарламасын әзірлеуші мамандардың  «Хакатон»  марафоны бастау алып отыр.
Шараға студенттер, оқушылар, жас өнертапқыштар мен түрлі деңгейлі ІТ мамандардан құралған 50 адам  қатысып жатыр. Марафон шарты бойынша, жарысқа қатысушы үміткерлер өздерінің жеке өздеріне тиесілі бағдарламасын түзіп, оны тікелей тапсырыс берушінің алдында таныстыруы керек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – дайын ІТ-жобасына қол жеткізу екен.   Шынтуайтына келгенде, қашанда үздік идея, жоба іс-тәжірибе жүзінде көрінетіні айта кеткен жөн. Марафон барысында үміткерлердің жұмыстарын арнайы бекітілген қазылар алқасы яғни құрамында Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіт, ӘКК төрағасы Әбілсейіт Рабаев пен Мұқтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің өкілдері мен кәсіпкерлер жасағы қадағалап отырды.
 Жеңімпаздарға арнайы сый-тарту қоры қарастырылғанында айт кету керек. Мәселен, 1-орынға – 1 миллион теңге, 2-орынға – 500 мың теңге. Ал 3-орынға 250 мың теңге тапсырылады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*