Арыста «жастардың әлеуметтік желідегі сауаттылығын арттыру» тақырыбында семинар-тренинг болып өтті

Арыс қаласында жастардың журналистика мен блогерлікке қызығушылығын арттыру, әлеуметтік желілердегі саяси сауаттылық пен мәдениетті посттарды жазу, жастардың іс-шаралары туралы нақты ой білдірудегі сауаттылықты арттыру мақсатында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мәжіліс залында «Жастардың әлеуметтік желілердегі сауаттылығын арттыру» тақырыбында семинар-тренинг болып өтті.Семинар-тренингке қоғамдық ұйым өкілдері мен танымал блогер Асқат Шотаев, мекеме, бөлім қызметкерлері және жастар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысқанын айта кеткен абзал.  Аталмыш жиынға Арыс жастар көптеп жиналды. Себебі, бүгінде әлеуметтік желінің жастар өміріндегі алар орны артып келеді. Сол себепті, «фэйсбук», «инстаграм», «вк» секілді желілерде сауатты посттар жазып, тұрақты блок тұғырнамалар жазуға жастар ынталы. Дегенмен білікті блогер атану үшін бір ғана талаптың жетпейтіні хақ. Яғни, пост жазу мәдениеті, сауаттылығы жағы тағы бар. Оның үстіне әлеуметтік желіні техникалық тұрғыда да терең меңгерген жөн. Осыған орай, жиын барысында әлеуметтік желі қолданушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*