МАҚТАРАЛДЫҚ СПОРТШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Қырғызстан Республикасы «Бостері» қаласындағы «Ыстық көл» демалыс аймағында өткен армрестлингтен жасөспірімдер мен жастар, ересектер және мүмкіндігі шектеулі жандар арасында 16-шы Азия чемпионаты өтті. 14 елден командалар қатысқан чемпионатқа Мақтарал ауданының №2 спорт мектебінің оқушылары да қатысып, жүлделі орындарды иеленді.Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында АРМ2 санатында +55 кг салмақ дәрежесінде оң және сол қолда Сұлтанбек Қалмырза ІІ орынды алып, күміс жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында 55 кг салмақ дәрежесінде оң қолда Нұрсұлтан Қалыбек ІІІ орынды, 80 кг салмақ дәрежесінде оң қолда Нұрсұлтан Кәрімов ІІІ орынды алып, жалпы мақтаралдықтардың қоржынына 1 күміс, 2 қола түсті.Күні кеше Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова жүлдемен оралған спортшыларға және олардың бапкерлеріне аудан әкімінің алғыс хаттары мен сыйлықтарын табыс етті. «Биыл спорт саласында мақтаралдықтардың бағы жанып тұр. Әрине, мұның бәрі сіздердің еңбектеріңіздің, төккен терлеріңіздің арқасы» — деді А.Ешанқұлова.

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*