Созақта ауыл жастары кітап оқуға ден қоюда

Созақ ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер Б.Пернебайдың ұйымдастыруымен «Мен әлемді кітап арқылы танимын» атты жастардың кешкілік уақытын тиімді пайдалануға арналған іс- шара болып өтті. Аталған іс- шара Сарыбаев Сабит, Сериков Сабит атты жас кәсіпкерлердің демеушілігімен ұйымдастырылған болатын.Шараға ауыл жастары жоғары деңгейде ат салысып, жастарға арналған түрлі ойындар ойнатылып, әр түрлі деңгейдегі, әр ұлттың ұлттық өнерлері көрсетіліп, жастардың шығармашылықтары шыңдалды. Ауылдағы мобильдік кітапхана тарапынан жастарға арналған кітаптардан көрме де ұйымдастырылған болатын. Мәдени шараға ауыл жастары белсенді түрде қатысты. Әсіресе Ергешбай Алмас, Жайсаңбай Қожаахмет, Анарбаева Гүлназ сынды ауылдың жалынды жастары өте жоғары деңгейде ат салысты айта кеткен жөн. «Мен әлемді кітап арқылы танимын» шарасының жалпы мақсаты жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, ауыл жастарының татулығын, ынтымақтастығын арттыру, бос уақытын тиімді пайдаланып, әдебиетке баулу болып табылады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*