Теріскейде полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі тойланды

23 маусым халық тыныштығын күзететін полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Құқық қорғау органы өкілдерінің төл мерекесіне орай, аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара өтті. Салтанатты шара барасында аудан әкімі Салыхан Полатов барша құқық қорғау қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.Созақ аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы, полиция полковнигі С. Кенжебеков хабарлама жасады. Полковник өз хабарламасында құқық қорғау қызметінің тыныс тіршілігі мен атқарған қызметі туралы баяндады. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасаның орынбасары Р. Әлжанов қызметті табысты атқарып жүрген полиция қызметкерлеріне алғыс хат табыс еткенін айта кеткен жөн.Бұған қоса, Созақ аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері ұжымы осы салада қызмет еткен полиция ардагерлеріне шапан жауып, үлкен  құрмет көрсетті. Марапатқа толы болған салтанатты жиында мәдениет үйі қызметкерлері өз өнерлерін ортаға салып концерттік бағдарламаға ұласты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*