Түлкібастағы бекіре балығын өсіретін ферма өз өнімдерін экспорттауды жоспарлауда

Түлкібас ауданындағы бекіре балығын өсіретін ферма 2012 жылы жұмысын бастаған. Жобаның құны 452 миллион теңгені құрайды екен. Қазір мұндағы өндіріс цехтарында 8 дөңгелек, 7 төрт бұрышты бассейіндер орнатылған.  Яғни, онда 60 мың балыққа дейін ұстауға болады. Жылына 40 мың тонна балық етін өндіреді.Ал, 2016-жылы балық фермасының екінші кешені іске қосылған. Онда тіпті жылыжай шаруашылығы да бар.  Бекіреден бөлек онда сүйрік балығы да бар екен. Балық шаруашылығының болашаққа жоспары айтарлықтай. Мәселен, мұндағы балық санын көбейтіп, цехтардың қуаттылығын арттыруды көздейді. Алда тіпті, балық жемін дайындасақ дейді. Себебі, жем зауыты салынса, балық азығына жұмсалар шығын анағұрлымға азаймақ.

«Бүгінгі таңда біз өнімнің 20-30 пайызын тасмалдаймыз. Оған себеп, шаруашылықтың өндірістік мүмкіндігі әлі де толығымен іске қосылмаған. Қазіргі таңда балық және балық өнімдерін ел аумағында ғана сатып жатырмыз. Нақтырақ айтсақ, Астана, Алматы, Қызылорда, Тараз қалаларына өнімімізді өткізудеміз. Болашақта өнімдерімізді экспортқа шығарсақ деген жоспарымыз бар» дейді шаруашылық басшысы Аман Ысқабаев.

Балық шаруашылығындағылар өткен жылдың көктем, жаз мезгілдерінде тесттік шаралар ұйымдастырған. Дәлірек айтқанда, балық қалдықтарын тыңайтқыш ретінде қолданып, салат жапырағы мен құлпынайды егіпті. Мұндайда әлемде «аквопоника» шаруашылығы деп атайды. Шығына айтарлықтай емес, аса үлкен ғимаратты да қажет етпейтін шаруа екен. Яғни бассейіннің үстіне метал құрастырғыштармен қайық орнатылады. Оған өсімдікті өсіруге арналған стакандар орнатылып, тазартудан өткен су сондағы өсімдіктердің тамырына құйылады.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*