Созақта «мемлекеттік қызмет – мерейлі міндет» деген атаумен мемлекеттік қызметкерлер күні аталып өтілді

Бүгін Созақ ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі салтанатты түрде аталып өтті. Салтанатты шараға, мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен көпшілік қатысты. Созақ аудан әкімі Салыхан Полатов барша мемлекеттік қызметкерлерді  төл мерекесімен құттықтап, мемлекеттік қызметтің абыройлы міндет екенін ерекше атап өтті.Сонымен қатар, жиын барысында қызметіне адал, аудан азаматтарына қалтқысыз қызмет етіп үздік қызметімен танылып жүрген мамандарды марапаттап, алғыс хат табыс етті. Бұған қоса, Созақ аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Байғараев  мереке иелеріне деген жылы лебізін білдіріп, аймақтағы қоғамдық жұмысқа белсене араласып жүрген қызметкерлерді марапаттағанын да айта кеткен жөн.Өз кезегінде теріскейдегі ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ. Еспенбетов жас мемлекеттік қызметкерлерді білікті маман атанып, жергілікті халық алдында ерінбей етіңдер деп ақылын айтып,  жұмыстарына сәттілік тіледі. Шара соңы аудандық мәдениет үйі өнепаздарының қойған концерттік бағдарламасына ұласты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*