ОҚО-да былтыр 70 мыңнан астам адам әлеуметтік қолдауға қол жеткізген

Оңтүстік Қазақстан облысында өткен 2016 жылдың қорытындысы бойынша «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 72176 адам (болжам — 57 200 мың адам) әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылып, жылдық жоспар 126,2 пайызға орындалып отыр. Нақтырақ айтқанда, оның ішінде 29156 адам өздігінше жұмыспен қамтылғандар болып есептеледі. Ал, тағы 43020 адам жұмыссыздар ретінде қолдауға ие болған. Сонымен қатар, екі санатқа қатысты 5624 азамат аз қамтамасыз етілгендер есебінде көмекке қол жеткізгенін айта кеткен жөн.Бұған қоса, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»  бағдарламасы аясында жұмыстарды жүзеге асыру үшін бөлінген 18,8 миллиард теңге бағдарламаның үш бағыты бойынша игеріліп, жұмсалғанын айта кету керек.
Атап айтқанда, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша республикалық бюджеттен 8,5 миллиард теңге бөлінген болатын. Бұл қыруар қаржыға 2016 жылы 562 жобаны қаржыландыру мүмкін болып отыр. Осыған орай, атқарылған жұмыстар өңіріміздегі жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, оңтүстік жұртының жалпы әлеуметтік жағдайының жақсаруына белгілі бір деңгейде әсер етеді деп үміттенеміз.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*