ОҚО-да жылына 5000 дана жиһаз шығаратын кәсіпорын жұмыс істеп жатыр

Шымкенттегі «Тассай» индустриялды аймағында Қазақстандағы ерекше жобалардың бірі болып табылатын «Мега Смарт» зауыты жұмыс істейді. Аумағы 89 га құрайтын «Тассай» индустриалды аймағында 24 инвестициялық жоба қолға алынған. Өндіріс орнында МДФ жылтыр плитасын және жиһаз шығарады екен. Осы жоба бойынша облысқа 545 миллион теңге инвестиция тартылып, 69 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.Оңтүстік Кореяның технологиясымен жабдықталған кәсіпорын 3D форматындағы жылтыр тақталарды дайындайды. Жылына 72 мың МДФ панелдерін және 5000 дана жиһаз шығаруда. Кеңселерге және білім беру мекемелеріне қажетті жиһаздар жасап отыр. Дайын тауарға жұмсалатын шикізаттың 94 пайызы жергілікті өнім. Оның қатарында мақта талшығы да қолданылаған. «Мега Смарттың» өнімдеріне Қазақстанда сұраныс жоғары. Жылтыр тақталарды Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдеріне экспорттауға келісімшарттар жасалуда. Сондай-ақ, Ресей елімен де келісім бар.Зауыттың қазіргі таңда Алматы, Қызылорда, Қостанай және Павлодар қалаларында арнайы өкілдіктері жұмыс жасайды. Алдағы уақытта еліміздің қалған өңірлерінде де өкілдіктерін ашу жоспарланып отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*