Биыл ОҚО-ның 425 мыңнан астам тұрғыны сапалы электр жарығына қол жеткізеді

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысындағы 101 елді мекеннің 425 мыңнан астам тұрғыны сапалы электр жарығына қол жеткізетін болады.  Ол үшін биыл 59 электр энергиясымен қамтамасыз ету нысанында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа облыстық және республикалық бюджет есебінен 11,3 млрд. теңге бағытталған.Айта кетейік, бүгінде облыс бойынша электр қуатына жалпы қажеттілік орташа 400 МВт сағатты құрайды. Оның 30 пайызы  ішкі көздер есебінен өндірілсе, 70 пайызы еліміздің солтүстік өңірлерінен тасымалданады. Ағымдағы жылы  Шымкент қаласында «Бозарық», «Астана 1,2» қосалқы станцияларының құрылысы аяқтау жоспарланып отыр. Нәтижесінде қаладағы өнеркәсіп орындары мен 425 мың тұрғын сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етілмек. 

Бұдан бөлек,  7 қосалқы станциялардың (Акжар, 1М1, 1М2, 2М1, 2М2, Новостройка 1, 2) құрылысын аяқтау көзделуде.  Биыл сондай-ақ  Сарыағаш ауданында 220/100/10 кВ «Қызыләскер» қосалқы станциясының құрылысы  бастау алмақ. Бұл мақсатқа 7,8 млрд. теңге бағытталатын болады. Егер жоба толығымен іске асса, Сарыағаш, Мақтаарал, Шардара аудандарындағы 705 мың тұрғын мен ауылшаруашылық нысандары, өнеркәсіп орындарын үзіліссіз, сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етіледі. Яғни, Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара аудандары экономикасының әрі қарай дамуына қосымша 50 МВт электр энергиясы пайда болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*