Қазығұрттағы «Ханшайым» кооперативі қара мал етін экспорттамақ

Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында жаңадан құрылған кооперативтердің тыныс-тірішлігімен танысу мақсатында арнайы баспасөз туры ұйымдастырылды. Шара аясында БАҚ өкілдері алдымен Қазығұрт ауданына қарасты Жаңа базар ауыландағы «Ханшайым» кооперативінде болып, серіктестіктің жұмысын көзбен көрді. «Ханшайым» кооперативі мал борақылап, оның етін өткізумен айналысады.

«80-ге жуық мүшесі бар серіктестікте бүгінде 1000-нан астам ірі қара бордақылануда. Кооператив меншігінде 50 басқа арналаған мал сою бекеті мен арнайы қоймалар қарастырылған. Дайын болған бұқаларды осында сойып, етті экспорттауға мүмкіндік бар»,- дейді кооператив төрағасы Сырым Ертаев.

Оның айтуынша, бүгінде мал етін өткізу үшін еліміздің өзге аймақтарынан бөлек, Өзбекстан және Ауғанстанмен келіссөздер жүргізілуде. Сонымен қатар, кооператив мүшелері мемлекет тарапынан берілетін субсидия мен жеңілдетілген несиелер алу үшін құжаттар дайындау үстінде. «Ханшайым» коопертивіне мүшелікке енгендердің бірі Жеңіс Сламбаев. Жеке шаруа үйінің ауласында 40-қа жуық ірі қараны бордақылауда. Бұрын етті өткізу жайы әжептеуір ойландыратын болса, коопеаративке кіргелі бері бұл іске бас қатырмайтын болдық. Оған қоса мемлекет тарапынан бұқаның әр басына 20 мың теңге субсидия аламыз. Келешекте кооператив атынан 6 пайызбен несие алып, мал басын 100-ге дейін жеткізсем деген мақсатым бар, — дейді ол.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*