Шарапханадағы «Қаратас» шаруа қожалығы күніне 1-2 тонна сүт өндіріп отыр

Оңтүстік өңіріндегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері Қазығұрт ауданы Шарапхана ауылындағы «Қаратас» ауыл шаруашылығы коопеартивіне барды. Аталған серіктестік сүт өнідірумен айналысады. Жылдың басында құрылған кооперативке бүгінде 86 шаруа мүше болған. Ұжымның қарамағында 700-ге жуық ірі қара болса, оның 150 басы сауын сиырлар екен. Кооператив тәулігіне 1,2 тонна сүт өндіреді.Серкітестіктің 30 мүшесі жуырда «Ауыл шаруашлығын қаржылау қолдау қоры» арқылы 130 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несиеге қол жеткізгенін айта кеткен жөн. Аталған қаржыға сауын сиырлар сатып алынуда. Яғни өнім көлемінің артуына байланысты кооператив сыйымдылығы 2 тонналық сүт сақтайтын танкер алуды жоспарлап отыр. Шығынның 50 пайызын мемлекет өтеп береді. Демек, келешекте серіктестік тәулігіне 3 тоннаға дейін сүт өндірмек. Кооператив төрағасы Мақсатбай Мәуленов: «Біріккеннің арқасында – тірлігіміз берекелі бола бастады»- дейді.
Жалпы, 2021 жылға дейін ОҚО-да 90 мыңға жуық жеке шаруа қожалықтарын біріктірентін 600-ден астам кооперативтер құрылады деп жоспарлануда.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*