ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасы үздік үштіктің қатарында

Оңтүстік Қазақстан облысында спорттық ойындардан «23-маусым Мемлекеттік қызметші» күні меркесіне арналған дәстүрлі спартакиада өз мәресіне жетті. Мемлекеттік қызметшілер арасында өткен биылғы сайыста облыстағы басқармалар мен департаменттерден жасақталған 27 команда, барлығы 500-ге тарта қызметкер бақ сынаған болатын. Биыл барлық ұжым жарысқа үлкен дайындықпен келді. Спартакиада бәсекелері спорттың екі түрінен жалғасты. Ол волейбол мен шағын футбол.Тартысты ойындардың нәтижесінде волейболдан бірінші орында Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті командасы иеленсе, екінші орынды ОҚО Ауыл шаруашлығы басқармасының командасы жеңіп алды. Ал үздік үштікті ОҚО Кірістер департаментінің қызметкерлері қортындылады.
Шағын футбол бәскелері де тартысқа толы болды. Мемлекеттік қызметшілер кәсіби спортышлардан кем түспейтіндігін байқатты. Нәтижесінде бірінші орынды ОҚО ІІД командасы жеңіп алса, екінші орын ОҚО ТЖД қызметшілеріне бұйырды. Ал жүлделі үшінші орынға ОҚО Прокурорлары қол жеткізді. Жүлдегер атанған барлық ұжымдарды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!!!

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*