ОҚО жастары үшін «Робототехника» үйірмесі ашылды

Оңтүстік жастары үшін енді робототехника әлемін зерттеу қолжетімді болмақ. Елордамыз Астана қаласында өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында облыстық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Robo Park» оқу орталығының ұйымдастыруымен жастарға арналған «Робототехника» үйірмесінің салтанатты ашылуы  болып өтті.Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Халыққа жолдауының бірінші басымдығында экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуын атап өткен болатын. Осыған орай, Оңтүстік Қазақстан облыс жастарының ақпараттық мәдениетін дамытуды көздейтінін айта кету керек.

Сонымен қатар, жастардың бағдарламалық және техникалық қабілетін жетілдіретін болады. Бұған қоса, робототехника әлемін зерттеу және жас жаңашыл өнертапқыштарды қолдау мақсатында «Робототехника» үйірмесі оңтүстік өңірі жастарының игілігіне жұмыс жасамақ. Бұл үйірме өз кезегінде өңіріміздегі инновациялық жаңалықтарға жаны құмар өнертапқыш жастарға көп көмек болады деген үміт басым. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*