ОҚО-да «Өлкетану» атты жастар жобасы бастау алды

Оңтүстік Қазақстан облысының «Өлкетану» атты жастар жобасы бастау алғанын айта кетейік. Жобаның басты мақсаты өңіріміздің көрікті, тарихи  жерлерін жастар арасында таныту және туристік қызметті пайдаланудың мәдениетін жоғарылату болып табылады. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін Шымкенттегі «Ontustik Tourism Center» туристік ақпарат орталығында Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы мен облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармалары арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойғанын айта кеткен жөн. Сонымен қатар, аталмыш жобаға әр демалыс күндері 14-29 аралығындағы жастар қатыса алатынын айта кету қажет.

Бұдан былай қос тарап, екі басқарма да меморандум аясында жастарға арналған туристтік бағыттарды әзірлейді. Мұнан бөлек, туристтерге қызмет көрсетуге арналған тиісті кадрларды даярлау ісімен де айналысады. Сонымен қатар, туристтік қызмет көрсету мәдениетін жоғарылату үшін жаппай танымдық іс-шаралар ұйымдастыру сынды жұмыстарды жүргізетін болады екен.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*