ОҚО-да «Ырыс» микроқаржылық ұйымы биыл 1573 жобаны қаржыландырды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерлерге қолдау білдіруде «Ырыс» микроқаржылық ұйымының еңбегі орасан. Аталған ұйым жыл басынан бері жалпы соммасы 3 946,2 млн. теңгені құрайтын 1573 жобаны қаржыландырып үлгерген.  Соның ішінде 2 582,9 миллион теңгені құрайтын 901 жоба мал шаруашылығына тиесілі болса, көктемгі егін егу-жинау жұмыстарын ұйымдастыру үшін 1 133,3млн. теңгені құрайтын 618 жобаға қолдау көрсетіліпті.Бұдан бөлек, жылыжайды кеңейту және құрылысын салу да «Ырыс» микроқаржы ұйымының жоспарлы  қаржыландырылуына еніп, бұл саладағы 38 жобаға 134,7 млн. теңге несие берілген.

Сондай-ақ ұйым тарапынан құс шаруашылығы бойынша жалпы сомасы 32, 3млн. теңгелік 5 жоба қолдау тапқан. Ал, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуді ұйымдастыруға 5 млн. теңге несие бөлінсе, нан – тоқаш өнімдерін шығару үшін 2 жоба мақұлданып, кәсіпкерлерге  16 млн. теңге,  өндірістік қызмет үшін 12 млн. теңге қаражат беріліпті.  Сонымен қатар сауда және қызмет көрсету саласы үшін 6,0 млн. теңге қаржы бөлінген.  Балабақша  ашу  үшін  4 жоба  мақұлданып, жоба иесі  24 млн. теңгелік  несиеге қол жеткізген.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*