Оңтүстік Қазақстанда «23 — маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне» арналған салтанатты шара өтті. «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» ғимаратында өткен кеште облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өңіріміздегі барша мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтап, еліміздің өсіп, өркендеу жолында толағай табыстар тіледі. «Мемлекеттік қызмет – бұл барлық мемлекеттік басқару жүйесінің ең маңызды тетіктерінің бірі. Кез келген қоғам мемлекеттік басқарусыз, яғни мемлекеттік қызметшілерсіз әрекет етуі, алға жылжып дамуы мүмкін емес. Қазіргі қоғамның талаптарына сай билікке деген сенім де мемлекеттік қызметшіге қарап қалыптасады. Облысмыздың қарқынды дамуы Сіздердің кәсіби шеберліктеріңізге, тәжірибелеріңізге, ұмтылыстар мен ерік-жiгерлеріңізге тікелей байланысты. Сіздерді тағы да кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!», — деді Жансейіт Түймебаев. Салтанатты жиында мемлекеттік қызмет саласында көп жылдар бойы абыройлы қызмет атқарып, өз лауазымдық міндеттерін мүлтіксіз орындаған, жұмыс барысында қол жеткізген табыстары мен жоғарғы көрсеткіштері үшін бірқатар мемлекеттік қызметшілер әкімнің қолынан «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгісі мен Оңтүстік Қазақстан облысының «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісін, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Грамотасы және Алғыс хатын алса, көптеген азаматтар ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайласқа қарсы іс-қимыл агентігі Төрағасының Алғыс хатымен, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының Грамотасымен, жалпы саны 30 азамат марапатталды. Сондай-ақ, бірқатар үздік мемлекеттік қызметшілерге Түркияда іс-тәжірибе алмасу үшін арнайы сертификаттар табысталды.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да халықаралық жолаушылар хабын дамыту жайы талқыланды
Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмысшы топпен бірге Шымкент қаласындағы халықаралық әуежайды қайта құру бойынша жиынға қатысты. Мәжіліске жұмысшы топтан бөлек, облыс әкімі Ж.Түймебаев қатысып, Шымкент әуежайы елдегі […]
ОҚО-да мамандар жастарға ерте жүктіліктің алдын-алу жөнінде айтып берді
Оңтүстік Қазақстане облысында «Жастар ресурстық орталығынын» ұйымдастыруымен келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтарды, ерте жүктілікті және аутодеструктивті мінез құлық және қалыпты емес дағдарыстың алдын-алу мақсатында жоғары және орта арнаулы оқу орындарының 1- курс студент қыздарымен Оңтүстік […]
ОҚО-да су тасқынын болдырмау үшін көптеген жұмыстар жасалынып жатыр
Оңтүстік Қазақстан облысында көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша жұмыстар жоспар бойынша жүруде. Көктемгі тасқын судың алдын алу бойынша аудан, қала әкімдіктері мен облыстық төтенше жағдайлар департаменті бірлесе Сарыағаш және Мақтарал аудандарында, Сырдария өзенінде қауіптің […]
Пікір қалдыру