Жырсүйер қауым Әлібек Шегебаймен кездесті

Шымкент қаласындағы ақынның жырына сусаған халық бұл күнде «Отырар» кітапханасына қарай ағылды. Себебі, мұнда «Сырдың сыршыл ақыны» тақырыбымен Шардара ауданының түлегі, ақын, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері Әлібек Шегебайдың кездесу кеші өткізілді. Сүткенттің сары баласы жастайынан-ақ поэзия әлемінің тереңіне қарай құлаш ұрып, бүгінде бүткіл қазақ елін мойындатып үлгерген еді.Кездесу кешінде Қасқыр Серікбаев, Нұрғали Ыбырайым сынды Шардараның шайырлары қаламдас інілеріне құтты болсын айта отырып, ізгі тілектерін жыр шумақтармен жеткізді. Шардара аудандық мәслихаттың депутаты, №16 колледждің директоры Зәкірхан Талбидин Әлібек ақынға ақ тілегін жеткізсе, аудан әкімінің орынбасары Бақтыбай Әліпов шардаралықтар атынан ақынның иығына оқалы шапан жапқанын айта кеткен жөн.Жерлестерінің ыстық ықыласы шабыт сыйлаған Әлібек Шегебай сахна үстінде тебірене жырларын оқыды. Өз оқырмандарына шексіз ризалығын білдірген ақын жаңадан жарық көрген кітаптарын көпшілікке сыйға тартты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*