Елдікті жырлаған «Ақ әжелер»

Шардара ауданында құрылған «Ақ әжелер» ансамблін облыс жұртшылығы бүгінде жақсы біледі. Өйткені, олар Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткен әжелер байқауының облыстық сайысында бас жүлдені талассыз жеңіп алған болатын. Қазіргі таңда,  шардаралық әнші аналардың өнеріне тәнті болмайтын адам жоқ.«Туған жер – алтын бесігім» фестиваліне «Ақ әжелер» ансамблі де құр қол келместен, Шәмші Қалдаяқов атындағы филармонияда арнайы концерт өткізді. «Елім менің» тақырыбымен өткен концертте Жарылқасын Ізбайқызы бастаған өнерпаз әжелер көрермендердің құлақ құрыштарын қандырды. Концерт барысында патриоттық әндерден бөлек, жыр термелер орындалып, қазақтың ұлттық дәстүрлерінен сахналық қойылымдар қойылғанын айта кеткен жөн. Әжелердің орындаған тұсаукесер рәсімі өзіндік бояуымен, танымға бай мазмұнымен өте тартымды шыққанын  көз көріп, құлақ естіді.Бәрін айт та, бірін айт, шардаралық өнерлі әжелердің концертінен тыңдармандар көтеріңкі көңіл-күймен, ерекше жақсы әсермен қайтысты.

Шарадара ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*