Туған жер деп соққан жүректер

Туған жерді жырға қоспайтын ақын жоқ. Отан анаға ән арнамайтын сазгер жоқ. Шардара ауданының ақын-сазгерлері Қызылдың құмы мен айдын шалқарды өз шығармаларына арқау етіп келеді.Шағыл құм шабыт берген Бауыржан Қарабеков, Жұмабек Мұқанов, Оңалбай Еспанов, Құдайберген Өтеш, Нұрғали Ыбырайым, Қазыбек Иса, Әмірхан Балқыбек, Әлібек Шегебай сынды ақиық ақындар мен Лесбек Аманов, Әкім Мұсақұлов, Тұрлан Әшімов, Нұрғали Мырзахметов, Ахмет Молдағұлов, Ағабек Дөңбай секілді саңлақ сазгерлердің дені шағалалы Шардараны жырлап, толқынын әнге қосқан. Осынау өнер иелерінің шығармашылығына құрылған «Туған ел әуендері» концерті облыстық әзіл-сықақ театрында өтті. Жүргізуші Аманғали Нияз Шымкент жұртшылығына шардаралық ақын-сазгерлердің есімін бірме-бір айтып таныстырып шыққан соң, ән мен күйге кезек берілді.


Аудандық «Абай» Мәдениет сарайы мен ауылдық округтерден келіп қатысқан Қатира Мұстафаева, Мұрат Қоңырбаев, Бақберген Омаров, Асқар Мәуленов, Серғазы Ибрагимов, Эльмира Шонаева, және басқа да әншілер шардаралық ақын-сазгерлердің шығармашылықтарынан туындылар орындап, көрермендердің ыстық ықыластарына бөленді.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*